«Зияткерлік ойындар – дүниетаным баспалдағы» » С. Мұқанов №40 ЖОМ
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының
Мақтарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Мұқанов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Зияткерлік ойындар – дүниетаным баспалдағы»
16
апрель
2026

«Зияткерлік ойындар – дүниетаным баспалдағы»

“С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп”                                                                             коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
«Зияткерлік ойындар – дүниетаным баспалдағы»
(спорттық іс-шара туралы мәлімет)
Күні: 14.04.2026ж Білім беру ұйымында оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру және инклюзивті мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Зияткерлік ойындар – дүниетаным баспалдағы» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара аясында шахмат, шашка және тоғызқұмалақ ойындары қамтылды.
Іс-шараның басты мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен жалпы білім беретін сынып оқушылары арасында достық қарым-қатынас орнату, өзара қолдау көрсету, тең мүмкіндіктер ортасын қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шыдамдылыққа, тапқырлыққа және стратегиялық жоспар құруға баулу көзделді.
Жарысқа әртүрлі жастағы оқушылар қатысты. Әр ойын бойынша қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Шахмат ойынында оқушылар логикалық ойлау мен бірнеше қадам алға жоспарлау қабілеттерін байқатты. Шашкада жылдамдық пен дәлдік маңызды рөл атқарса, тоғызқұмалақта ұлттық құндылықтар мен терең ойлау ерекшеліктері көрініс тапты.
Іс-шара барысында ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар да белсенді қатысып, өз мүмкіндіктерін көрсете білді. Бұл олардың қоғамға бейімделуіне, өз-өзіне деген сенімін арттыруға және ортаға еркін араласуына оң әсерін тигізді. Қатысушылар арасында өзара сыйластық, қолдау және түсіністік атмосферасы қалыптасты.
Шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Бұл іс-шара оқушылардың зияткерлік дамуына ғана емес, сондай-ақ инклюзивті мәдениетті нығайтуға үлкен үлес қосты.
Қорытындылай келе, «Зияткерлік ойындар – дүниетаным баспалдағы» атты іс-шара білім алушылардың ой-өрісін кеңейтіп, бірлік пен достықты дәріптейтін маңызды тәрбиелік мәні бар шара ретінде жоғары деңгейде өтті.
Арнайы педагог: А.Артыкбаева
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив