Интернет алаяқтарынан қорғану шараларын түсіндіру
Түркістан облысы , Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты «С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекесі Интернет алаяқтарынан қорғану шараларын түсіндіру мақсатында мектепте ата-аналарға арналған кеңейтілген жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында мамандар онлайн қауіптердің түрлері, жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы, күмәнді сілтемелер мен хабарламаларды анықтау жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді.