Абдраимов Бауржан Абдимуталипович » С. Мұқанов №40 ЖОМ
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының
Мақтарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Мұқанов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Абдраимов Бауржан Абдимуталипович
29
апрель
2023

Абдраимов Бауржан Абдимуталипович

Абдраимов Бауржан Абдимуталипович 1983 жылы 7 мамырда Өзбекстан ССР, Сырдария облысы, Сырдария ауданы, Сырдария ауылында дүниеге келген.

1988-1991жылдар   аралығында Сырдария ауылында   білім алды. 1999-2000 ж.ж Өзбекстан Республикасы Сырдария облысы, Сырдария ауданы «Лес-Дос-Ширин» фермер қожалығында жұмысшы  болып   жұмыс  атқарды. 2000 жылы Сырдария ауданындағы  №2 Ш.Рашидов атындағы орта мектепте тәлімгер болып істеді. 2000-2004 жылдар аралығында Гүлистан мемлекеттік университетінде биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша білімін жетілдірді.

2004-2005 жылдарда биология пәні мұғалімі болып қызмет атқарды.2005-2009ж №2 Ш.Рашидов атындағы орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметін жетік меңгерді. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасының жүзеге асуына сүбелі үлес қосып, жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін  2012 жылы құрмет грамотасымен марапатталды.       

2012 жылы «Дипломмен ауылға!»   атты жобаны іске  асыру шеңберінде патриоттық таныта білгені үшін алғыс хатпен марапатталды. 2009-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы Т.Әубәкіров атындағы мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, білім жолында тәрбие саласына өз үлесін қосты. Білімділігі мен біліктілігі,  ақыл- парасаттылығы мен еңбекқорлығының арқасында білім баспалдақтарының биігіне көтерілді.2015-2023 ж.ж Түркістан облысы Мақтаарал ауданы №41 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып қызмет атқарды. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми- педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын республикалық институтында  «Білім беру ұйымдарында бала құқықтарының сақталуын  қамтамасыз ету» курсын 12-23 мамыр аралығында 72 сағат көлемінде оқып, сертификат алды. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін 2015 жылдың 10 желтоқсанында «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды. 2015-2016 оқу жылында Астана қаласында өткен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, сертификат иеленді.

2017 жылы 24-28 қаңтар аралығында оқу бағдарламасынан өткен  «Кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» курсы бойынша   сертификат берілді. Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша педагогикалық шеберлік орталығында курс оқып, 2017 жылы 26 маусымда сертификат берілді. Шымкент қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының филиалында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ  Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру бағдарламасы бойынша 40 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтап,2017 ж 11 тамызда сертификат берілді. 2018 жылы Мақтааралдың 90 жылдық мерейтойында жоғары деңгейде ұйымдастыруға белсенді қатысқаны  үшін  алғыс хатпен марапатталды.Қазақстан Республикасының білім саласына үлес қосқан еңбегі, басшылық міндетін жоғары дәрежеде атқарғаны үшін Қазақстанның педагогикалық академиясы мен Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық «Мектеп» журналы арнайы құрылған комиссиясының 2018 жылдың 14 қарашадағы   №09 шешіміне сәйкес « I дәрежелі Білікті басшы»  төс белгісімен марапатталып, куәлік берілді. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»   бағдарламасындағы айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, Елбасының «Қазақстан 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2018-2019 оқу жылындағы еліміздің барлық өңірлеріндегі білім, мәдениет, өнер, тәрбие, әлеуметтану, экономика саласындағы үздік қызметкерлердің жетістіктерін қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында жарық көрген «АЛТЫН КІТАП»ҚР білім,  мәдениет, өнер, тәрбие, әлеуметтану, экономика, қызмет көрсету   саласындағы  үздік қызметкерлердің  III республикалық энциклопедиясының жарық көруіне қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен марапатталды.2020 жылы 06 мамырда «Елеулі еңбегі үшін» «Абай Құнанбайұлы» медалі берілді.Отанға деген патриоттық міндетін   жоғары деңгейде атқарғаны үшін 07 мамыр 2021 жылы «Қазақстан патриоты»  медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. 18 тамыз 2022 жылы  «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен марапатталды.Қазақстан Республикасы   педагогтерінің біліктілігін арттырудың «Мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша 430 академиялық сағат көлемінде педагогикалық  шеберлік орталығында  курсты  аяқтап, сертификат алды.Басшылықпен қатар өз мамандығы  бойынша да шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жетістіктерге жетеледі.Қорғаныс Министрлігі Ш.Уәлиханов атындағы әскери колледжінде  оқу барысында өзінің білімімен ерекше көзге түскен   Қалыбеков Мұрат сынды азамат тәрбиелеп, ынта –жігер бергені үшін  алғыс хатпен марапатталды.

2023жылдың 27 қаңтарынан бастап, №40 С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінің директоры болып қызмет атқаруда.

Білім саласындағы педагогикалық еңбек өтілі

 22 жыл. Үш тілді жетік меңгерген.Ер еңбегі еленді. Елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауына байланысты білім жолында адал қызмет етіп келеді. Инновация негізінде ізденіп, жаңашылдыққа бет бұрып, көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Әрбір іске жауапкершілікпен, ұқыптылықпен , ыждақаттылықпен, байыппен қарайды.Істің көзін білетін еңбекқор, адамгершілігі мол, алдына мақсат қоя білген білімді ұстаз, білікті басшы.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив