14
май
2026
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ІС
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ІС
Мақтаарал ауданының білім бөлімі мен Түркістан облысының білім басқармасының жоспарына сәйкес, мектебімізде «Адал ата-ана – Қауіпсіз балалық шақ» өңірлік тұжырымдамасы аясында бірыңғай жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жарқын болашағымыз – балалардың қауіпсіздігіне кепіл болу мақсатында ұйымдастырылған бұл жиынның маңызы өте зор. Жиналыс барысында келесідей негізгі мәселелерге басымдық берілді:
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында балаларға ең үлкен тарту олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екені атап өтілді.
Шоктық терапия әдісі: Ата-аналарға нақты статистикалық мәліметтер мен бейнероликтер көрсетіліп, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік мәселесі тереңінен талқыланды.
Баланың қауіпсіздігі мен дұрыс тәрбие алуы – тек мектептің емес, бүкіл қоғамның, ең алдымен, ата-ананың міндеті. «Шоктық терапия» әдісі арқылы ата-аналар қазіргі қоғамдағы бала өміріне төнетін қауіптердің алдын алу жолдарын талқылады.
Бүгінгі жиын ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, ортақ мақсатқа жұмылуға үлкен септігін тигізді. Балаларымыздың бақытты әрі қауіпсіз ортада өсуіне бірге атсалысайық!
#МақтааралБілімБөлімі #ҚауіпсізБалалықШақ #АдалАтаАна #АтаАналарЖиналысы #ТүркістанОблысы #БалаҚауіпсіздігі


