15
январь
2026
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы мен "Қауіпсіз балалық шақ"
Түркістан облысы,Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты «Сәбит Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін»мемлекеттік мекемесінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы мен "Қауіпсіз балалық шақ" жобасы аясында мектеп инспекторы Ж.Ерханов қатысуымен кезекті жиналыс өтті. Жиналыста заң мен тәртіп айы болғандықтан заңға бағыну мен тәртіптің маңыздылығы сөз болды. Ж.Ерханов оқушыларға мектеп ережесіне бағынудың маңыздылығын түсіндіріп оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Жиналыстан соң бала қауіпсіздігі мен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша мектеп әкімшілігімен жиналыс өтті.

