17
апрель
2026
н «Балалар жазушыларымен танысу» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы білім бөлімінің КММ" С.Мұқанов атындағы №40 ЖББМ" Қазіргі таңда жас ұрпақтың рухани дамуы мен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы мақсатта кітапханада 4–5–6–7 сынып оқушыларының қатысуымен «Балалар жазушыларымен танысу» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларымен танысып, олардың тәрбиелік мәні зор туындылары туралы мәлімет алды. Балалар жазушылардың шығармалары арқылы адалдық, достық, мейірімділік, еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттердің маңызын түсінді.
Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, сүйікті кейіпкерлері жайлы пікір алмасты. Сонымен қатар кітап оқуға деген қызығушылықтары артып, рухани дүниелері байи түсті.
