10
апрель
2026
«Ұшқан ұя» шығармасын талқылауға арналған іс-шара өтті. 📚
Түркістан облысы,Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты "С.Мұқанов N40 жалпы білім беретін мектеп" КММ-сінде кітапханашы:Абилдаева Ж,тәлімгер:Балыкбаева Н.ұйымдастыруымен,көрнекті тұлға Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын талқылауға арналған іс-шара өтті.
Іс-шара барысында оқушылар кітап мазмұнын талдап, шығармадағы ұлттық тәрбие, отбасы құндылықтары, үлкенге құрмет пен кішіге ізет сияқты маңызды ұғымдар туралы ой бөлісті.
Сонымен қатар, батырдың балалық шағынан алынған тағылымды оқиғалар арқылы жас ұрпаққа үлгі боларлық қасиеттер кеңінен насихатталды.



