«Жошы» фильмін тамашалады. » С. Мұқанов №40 ЖОМ
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының
Мақтарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Мұқанов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жошы» фильмін тамашалады.
05
ноябрь
2025

«Жошы» фильмін тамашалады.

Күзгі демалыс кезінде С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5–7 сынып оқушылары үшін тәрбиелік маңызы зор іс-шара ұйымдастырылды. Оқушылар тарихи-тағылымдық «Жошы» фильмін тамашалады.
Фильм көрсетудің мақсаты – жас ұрпаққа қазақ халқының ұлы тұлғаларының бірі Жошы ханның ерлігі мен өмір жолын таныстыру, отансүйгіштік рухын қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды.
Көрсетілім барысында оқушылар тарихи оқиғаларға қызығушылық танытып, фильмнен үлкен әсер алды. Фильм соңында пікір алмасу ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Олар Жошы ханның батырлығы, әділдігі мен ел бірлігін сақтау жолындағы еңбегі жайлы өз әсерлерімен бөлісті.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың бойында рухани құндылықтар мен елжандылық сезімін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив