07
октябрь
2025
«Ұстаз – ұлы тұлға»
С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектепте 2025 жылғы 25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Ұстаздар мерекесіне арналған онкүндік ұйымдастырылды. Онкүндіктің мақсаты – ұстаздардың қоғамдағы мәртебесін арттыру, педагог мамандығына деген құрметті қалыптастыру және жас ұрпақтың ұстаз еңбегіне деген ілтипатын арттыру болды.
Онкүндік аясында түрлі мазмұндағы іс-шаралар өткізілді:
«Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары мен сынып сағаттары өтті;
Оқушылардың қатысуымен өлең оқу, ән айту, бейнеролик және челлендж байқаулары өтті;
Ардагер ұстаздармен кездесу ұйымдастырылып, жылы лебіздер айтылды;
Үздік педагогтер мен белсенді ұстаздар марапатталды.
Онкүндік ұстаздарға деген ерекше құрмет пен ризашылық сезімін оятты. Шара соңында мектеп директоры мен әкімшілік құрамы ұстаздарға алғыстарын білдіріп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Қорытынды:
Онкүндік жоспарға сай жоғары деңгейде өтті. Барлық іс-шаралар мазмұнды, тәрбиелік мәні жоғары және мектеп ұжымының шығармашылық әлеуетін көрсетті.