26
сентябрь
2025
«Білім жолын бастаған – бастауышым, бастамам»
«Білім жолын бастаған – бастауышым, бастамам» тақырыбында
22.09.2025 – 26.09.2025 аралығында бастауыш сыныптар апталығы өткізілді.
Апталық барысында сыныптар арасында түрлі сайыстар, тәрбие сағаттары, шығармашылық және өнерге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Апталықтың қорытындысында белсенділік танытқан, өнері мен білімімен ерекшеленген оқушылар марапатқа ие болды. Сонымен қатар ән шырқалып, оқушылардың көңіл-күйін көтерген сәттер орын алды.
Іс-шара бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыруға, өнерге, білімге деген қызығушылықтарын дамытып, белсенділіктерін ынталандыруға бағытталды.


