25
сентябрь
2025
"Алтын күз"
2-сынып оқушылары арасында бастауыш сынып апталығы шеңберінде Турлыбекова Айсулу мен Исаханова Күлпынай ұстаздардың ұйымдастыруымен "Алтын күз" тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті. 
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, күз мезгілінің ерекшеліктерін танып-білуге баулу, өнерлерін шыңдап, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 
Балалар күз туралы тақпақтар айтып, әндер шырқады, әсем билер билеп, көріністер қойып, өздерінің өнерлерін ортаға салды. 

Бұл шара жас ұрпақтың туған жер табиғатына қамқорлықпен қарауға, эстетикалық талғамын арттыруға бағытталды. 


