04
февраль
2025
"Сайлауға жауапкершілікпен қарау баршамыздың міндетіміз!"
Дүниежүзілік сайлау күніне орай арнайы түзіліп бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп сынып сағаты .
Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында С. Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектептің ұстаздары С. Еркебаева,Н. Балыкбаева,Д.Бедилова,А.Айхынова, Ә.Бекжанның ұйымдастыруымен"Сайлауға жауапкершілікпен қарау баршамыздың міндетіміз!" тақырыбында сынып сағаты өтілді.
Сынып сағаты 9,10 сынып оқушылары арасында өткізілді.Мектеп оқушылары іс-шара барысында сайлау процесінің көрінісін көрсетті .Сонымен қатар оқушылар топтарға бөлініп, сайлау науқандарына қатысу дың таңдау жасауда әр дауыстың маңыздылығы жөнінде пікір алмасып,өз ойларымен бөлісті.
Шараның негізгі мақсаты: Болашақ жас сайлаушыларға сайлау заңнамасының талаптарын,құқықтарын түсіндіру және жастар арасында құқықтық мәдениетін арттыру.Сонымен қатар мектеп оқушыларының ой-өрісін,көпшілік пен және жеке тұлғалармен қарым -қатынаспен , іс-әрекет дағдыларын дамыту , оқушыларды ұлт жандылыққа,отан сүйгіштікке ата-заңды құрметтеуге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

