28
январь
2025
"Заң және тәртіп"
Мектебімізде 2025 жылдың 27 қаңтарында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы "Заң және тәртіп қағидаттарын ілгерілету шараларын жүзеге асыру аясында 7-сынып оқушыларына "Заң және тәртіпті сақтаудағы Менің үлесім " тақырыбында бірыңғай адалдық сағаты өткізілді .
Оқушылар заңдар мен ережелердің қоғамдағы рөлі мен маңызын түсінеді.
Құқықтық тәртіпті сақтауға,өз құқықтары мен міндеттерін білуге үйренеді.
Заңсыз әрекеттерден аулақ болуға және жауапкершілікті сезінуге бейімделеді.
Тәрбие сағаты құқықтық сауаттылық пен азаматтық тәртіпке бағытталған, оқушылардың тұлғалық және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.



