12
март
2025
"Таза Қазақстан" Республикалық экологиялық бағдарламасы
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың "Таза Қазақстан" Республикалық экологиялық бағдарламасы аясында мектебімізде жаппай сенбілік ұйымдастырылды.
"Тазалық-табалдырықтан басталады"
Қоршаған ортаның тазалығын сақтау,тазалық мәдениетін қалыптастыру әрбір азаматтың басты міндеті.Осы міндеттерді ұстана отырып,мектебіміздің ауласы күл-қоқыстардан тазартылды.Ерте көктемде мектеп ауласына және спорт қалашығына егілген көшеттерді баптау және өсіп өнуі үшін түптерін қопсыту.
Біздің басты мақсатымыз-қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету,азаматтық жауапкершілікті арттыру,экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.



