19
ноябрь
2025
«Өрт – тілсіз жау»
С.Мұқанов атындағы №40 ЖББМ-де 5 «Ә» сыныбында өрт қауіпсіздігі тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті
Бүгін С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектепте 5 «Ә» сынып жетекшісі Алимбетова Нуриланың ұйымдастыруымен «Өрт – тілсіз жау» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушылар өрттің шығу себептері, одан сақтану жолдары және төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекет ету ережелерін меңгерді.
Осындай шаралар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.
---




