10
октябрь
2025
«Дәстүрлі дін құқықтарын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру»
С.Мұқанов атындағы №40 ЖББМ КММ-де «Дәстүрлі дін құқықтарын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі діннің құндылықтарын насихаттау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру болды.
Кездесу барысында мектеп инспекторы Ж. Әділханұлы оқушыларға дін мен заңның өзара байланысы, дәстүрлі емес діни ағымдардың зардаптары жөнінде түсіндірме берді.
ДТІЖО С. Еркебаева оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында пікірталас ұйымдастырды.
Әлеуметтік педагог М. Құлбеков өз сөзінде жасөспірімдердің әлеуметтік жауапкершілігі мен отбасы тәрбиесіндегі рөлге тоқталды.
Іс-шараға мектеп әкімшілігі де қатысып, дін мен тәрбиенің өзара үйлесімділігі туралы ой бөлісті.
Жалпы, кездесу мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.


