22
май
2025
мекемеаралық алқалы жиын
Мақтаарал ауданының прокуроры А.Досаев мырзаның бастамасымен аудан көлемінде өзекті қамтылған мекемеаралық алқалы жиын өткен болатын.Күн тәртібінде кәмілетке толмағандардың құқықтарын қорғау, құқықбұзушылықтың алдын-алу,алаяқтыққа тосқауыл қою, жол-көлік оқиғаларының алдын-алу және ұлттар арасында татулықты сақтау басты тақырып болды.Алғаш сөз алған аудан прокуроры А.Досаев мырза жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алуға бағытталған іс-шаралар туралы айтып,Құқықтық мәдениетті бала кезден қалыптастыру-қоғамның болашағын қалыптастырумен тең.Сондықтан білім беру мекемелері басшылары мен құқық қорғау органдары тығыз байланыста жұмыс істеу қажет"деді.
Мақтаарал ауданы білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Асанхан Қошқаров мырза мектеп оқушылары арасында тәрбие мен құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша жаңа форматтағы шаралармен таныстырып және алдағы уақытта да мектеп инспекторларымен бірлесіп,профилактикалық жұмыстарды жандандыруға уәде берді.Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Н.Саттаров мырза әр мекеме басшысына нақты тапсырмалар беріліп, көрсетілген мәселелердің орындалуы тікелей бақылауда болатынын жеткізді.
Осы мәселелерді орындау мақсатында, Мақтаарал ауданы білім бөлімі аудан прокуратурасының 2025ж.19 мамырдағы N1530 шығыс хатына сәйкес мектебіміздің директоры Абдраимов Бауыржан мырзаның басшылығымен ауқымды іс-шаралар өткізілді.Атап айтар болсақ, Орынқұлова Базаркүл апайымыз оқушылармен Құқықбұзушылықтың алдын-алу"тақырыбында дөңгелек стол өткізді.Мақсаты:Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да, әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
Тәрбие ісінің жөніндегі орынбасары У.Тагаев,Педагог-психолог Б.Кубеева және мектеп инспекторы полиция лейтенанты Қуаныш Наурызбек мырзамен бірлесе отырып,Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алуда,мектеп пен отбасы серіктестіктер"атты ата-аналармен жиналыс ұйымдастырылды.Жиналыс ұйымдастырылды.Жиналыс барысында бүгінгі таңда кең таралған қылмыстардың бірі-алаяқтық қылмысы туралы айтылды.Алаяқтық-бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке иелік ету.Қарапайым сөзбен айтқанда алаяқтық-алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтен мүлікті ұрлау екені айтылды.Аталған жиналыстың мақсаты:Оқушылардың құқықбұзушылықтың алдын-алу, алаяқтыққа тосқауыл қою, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін арттыру болып табылады.
Жазғы демалыс кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын-алу және өмір қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау үшін,оқушыларға жол ережелері бойынша практикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


