13
ноябрь
2025
«Қауіпсіз балалық шақ»
«Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясындағы түсіндіру іс-шарасы 
06.11. 2025 жылы . " С. Мұқанов атындағы№40 ЖББМ" . КММ.
«Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында 8–11 сыныптың оқушылары мен кездесіп, құқықбұзушылықтың, буллинг пен кибербуллингтің, лудомания және нашақорлықтың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары өткізілді.
• Мектеп директоры:Айнамкулов Т.
• ДТІЖО:Еркебаева С. қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға құқықтық тәртіпті сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік және қоғамдағы өзара сыйластық тақырыптарында жан-жақты түсіндіру берілді.
мопед және басқа да көлік құралдарын айдауға жасы жетпеген балаларға болмайтыны,
жолдан өту кезінде абай болу және қауіпсіздік белдігін тағу сияқты маңызды ережелер түсіндірілді.
Бұл кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз және өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды.


