05
май
2025
Балалардың суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру жұмысы
05.05.2025 жылы С. Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беру коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Тәрбие сағаттарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара тақырыбы: Балалардың суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру жұмысы
Мақсаты: Оқушылар мен ата-аналарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігін түсіндіру, суға шомылу кезіндегі сақтық шараларымен таныстыру.
Іс-шара барысы:
2024-2025 оқу жылында ҚР Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығына сәйкес, «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» талаптары бойынша 8-11 сынып оқушылары мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұғалім тарапынан төмендегі мәселелерге назар аударылды:
• Суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау;
• Тек рұқсат етілген және бақылау жүргізілетін жерлерде шомылу;
• Балаларды қараусыз қалдырмау;
• Өзен, тоған, көл сияқты ашық суларда шомылу қауіпті екені;
• Суық суға шомылудың денсаулыққа зияны.
Қатысқандар:
Оқушылар мен олардың ата-аналары.

