12
февраль
2025
"Жаратылыс ғажайыптары"
«С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектебінде» қосымша білім беру педагогтарының апталығы аясында 11 . 02 . 2025ж күні қосымша білім беру педагогы Айхынова Айшаның ұйымдастыруымен оқушылардың табиғат туралы ойларын, ынталарын туғызу мақсатында "Жаратылыс ғажайыптары"интеллектуалдық сайысы өткізілді. Сайыс барысында 4 - сынып оқушыларына түрлі логикалық тапсырмалар берілді.
Сайыс 6 кезеңнен құралды.
1- кезең: "Ғажайып сұрақтар " әдісімен тапсырмалар берілді.
2 - кезең : "Ойлан,тап " оқушылар суреттерге байланысты кемі 3 мақал - мәтел құрастыру керек .
3 - кезең : "Мозайка"-құрастыру 2 топқа жеке-жеке беріледі кім екенін жайлы ақпарат беру.
4 - кезең: " Кім өнерлі " қызықты мимикалық тапсырмалар, әр түрлі қызықты тапсырмалар ды жауабын тапты.
5 - кезең: "Кім тапқыр " - Ұяшықтан белгілі бір суреттерді тұспалдап өз тобына жасыру.
6 - кезең :" Қиял ғажайыптар әлемінде "жоспар бойынша 5 минутта бір жеміс немесе көкөніс туралы қиялды шытырманды оқиға құрастыру керек.
Жоспар : Аты ,суреті (параққа салынады ),қайда өседі , несімен пайдалы.
Оқушылар сайыста білімдерін мықты дәрежеде көрсетіп, жақсы нәтиже көрсете білді.
Сайыс өте тартысты өтті .
Мақсаты :оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту, білімге және әлемге деген қызығушылығын ашу,әр түрлі саланы жан жақты меңгеру қабілеттерін машықтыру.
Әділқазы алқаларының ДТІО С .Еркебаева мен Б .Орынқұлова және бастауыш мұғалімі А.Момынованың шешімі бойынша 2 тобымызғада номинация берілді. Сайысқа қатысқан оқушыларға шығармашылық табыстар тілейміз !

