21
февраль
2025
“1 санымен байланысты көбейту мен бөлудің қасиеттері”
Бастауыш сынып мұғалімі педагог-зерттеуші Кулмуратова Назира Кудакелдиевна 2 “Ә” сыныбымен математика пәнінен “1 санымен байланысты көбейту мен бөлудің қасиеттері” тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақты білім алушылардың көңіл-күйін көтеру және жағымды ахуал орнатудан бастады. Ұлттық құндылықтарды бала санасына қалыптастыру мақсатында ту, елтаңба, бәйтерек топтарына бөліп, «Жеті қазынаны білесің бе?»,« Қоянға тамақ беру»,«Жұбын тап»,,« Өзін—өзі марапаттау»,« » ойындарының түрлерімен атап, сабақты жарыс түрінде өтті.
Өткен сабақты бекітуде “Wortwoll” платформасы арқылы топ басшылары арасында ойын түрінде жүзеге асырды.
Жаңа сабақты “Жасанды интеллект” әдісі арқылы түсіндіре отырып, қосымша бейнебаян көрсетті. Топтық жұмыста тақтайшаға тапсырмалар орындатты.
Сергіту сәті Жасанды интеллект арқылы жасалған «Ойна,биле» биі арқылы жүзеге асырылды.
Сабақ барысында “Жұбын тап” әдісімен денсаулыққа байланысты «Мақал—мәтелдерді» құрастырды. Топпен жұмыс жасалды.«Қай топ жалдам?» арқылы тапсырмалар орындатты.
Сабақ соңында “Кім тапқыр? ”,Шығармашылық тапсырманы әдісімен сабақты бекітіп, “Білім қоржыны” әдісі арқылы жүйелі қорытындылады.
Сабақ барысында жинаған баллдарын балалардың өзіне санатып, формативті бағалауды тиімді жүргізді. Топтық ұпайларын есептетіп, жеңімпаз топты анықтап, мадақтады.
