08
январь
2025
STEAM : пән аралық ойлауды дамыту тақырыбының мазмұнын ашу
"С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 08.01.2025 ж. күні
STEAM : пән аралық ойлауды дамыту тақырыбының мазмұнын ашу тақырыбында
мұғалімдер арасында сабақ өткізілді.
Сабақ мақсаты:
STEAM ұғымын түсіндіру: STEAM – ғылым, технология, инженерия, өнер және математика пәндерін біріктіретін кешенді тәсіл екендігін таныстыру.
Пән аралық байланыс орнату: STEAM әдістемесін қолдану арқылы әртүрлі пәндер арасында байланысты түсіну мен дамыту, оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыру.
Проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастыру: Пәндер арасындағы интеграция арқылы оқушылардың проблемаларды тиімді шешу және көпқырлы ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
Сабақтың мазмұны:
STEAM тұжырымдамасының таныстырылымы.
STEAM бойынша пәндердің бір-бірімен байланысын көрсету.
Қазіргі заманғы мәселелерді шешуде STEAM әдісінің маңызы.
Топтық жұмыстар мен практикалық жобалар арқылы тапсырмаларды орындау.
Бастауыш сынып мұғалімдері:
Құлмұратова Назира
Момынова Айнур




