16
апрель
2025
"Көктем келбеті"
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты "С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-8 сынып оқушылары арасында "Көктем келбеті" тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
Сурет салу байқауының мақсаты:
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту – сурет арқылы ойларын, сезімдерін еркін жеткізуге мүмкіндік беру.
Эстетикалық тәрбие беру – көркемдік талғамын, әдемілікке деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тақырып бойынша ойлау қабілетін жетілдіру – берілген тақырып аясында өз ойын бейнелеу арқылы логикалық және образдық ойлауын дамыту.
Дарынды балаларды анықтау – ерекше қабілеті бар балаларды байқау арқылы анықтап, оларды әрі қарай қолдау.



