"Ұстаз"көркем фильмі » С. Мұқанов №40 ЖОМ
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының
Мақтарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Мұқанов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Ұстаз"көркем фильмі
05
январь
2025

"Ұстаз"көркем фильмі

"С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 
Түркістан облысы білім басқармасының 2024 жыл 18 желтоқсан күнгі N25/7264 шығыс хаты және Мақтаарал ауданы білім бөлімінің 2024 жыл 24 желтоқсан күнгі №3341 бұйрығын орындау мақсатында Жамбыл ауыл әкімшілігі, Абай ауылы мәдениет үйінде басшы Біржан Жанту мырзаның келісімімен Журналист,  тележүргізуші Бейсен Абайұлы Құранбектің идеясы бойынша түсірілген, режиссер  Ерлан Ұшақпаевтың "Ұстаз"көркем фильмі көрсетілді.Фильмді тамашалауға мектебіміздің барлық ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары қатыстырылды.Фильм барысында басты кейіпкер- математика пәнінің мұғалімі,жас ұстаз Илиястың туған ауылына келіп,еңбек етуі, оқушылармен тіл табысып,ауыл мектебіне тың жаңалықтар енгізуі және оқушылардың білім бәсекесінде қабілеттілігін арттыруға ұмтылысы ұстаздар мен оқушылар арасында үлкен әсер қалдырды. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер де, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе?Ғылым иесі ғалым да, ел қорғар батыр да, ақын да, егін еккен диқан да, мал бағып тер төккен шопан да ұстаздан білім алған. Сондықтан да ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:Жай мұғалім хабарлайды,Жақсы мұғалім түсіндіреді,Керемет мұғалім көрсетеді,ал Ұлы мұғалім шабыттандырады деген.Бүгінгі көрсетілімнен ой түйгеніміз,ұстаздарымыз өз-өздерін шабыттандырып,бойларындағы жинап-терген білімдерін оқушылардың санасына, сапалы етіп сіңіре біледі деп ойлаймыз.Соңында мәдениет үйінің қызметкерлері ұстаздар мен оқушыларға концерттік бағдарлама ұсынды. Өз кезегінде мектебіміздің директоры Бауыржан Абдраймов мырза сөз алып,Мәдениет үйінің  басшысы Біржан Сырбайұлы Жанту мырзаға және мәдениет қызметкерлері Тұрапов Қалжигит,Сапарбай Әдиге өз ризашылығын білдіріп,өз атынан және барлық ұстаздар атынан рахмет айтты.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив