17
февраль
2026
«Кітап сыйла – болашаққа жол аш»
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы білім бөлімінің" С.Мұқанов атындағы №40 ЖББМ КММ".
14-ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай
14-ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Бұл күн – кітап арқылы мейірім мен білімді бөлісетін ерекше мереке. Осы атаулы күнге орай «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітап сыйла – болашаққа жол аш» атты челлендж ұйымдастырылуда.
Кітап – рухани қазына, білімнің бастауы, ой-сананың дамуына жол ашатын асыл мұра. Әр сыйланған кітап – баланың жарқын болашағына салынған инвестиция. Бала кітап оқыса, оның ойлау қабілеті дамып, тіл байлығы артып, дүниетанымы кеңейеді.
Бұл челлендждің басты мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапхана қорын толықтыру және өскелең ұрпақты білімге, парасаттылыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар, қоғамда кітап сыйлау мәдениетін қалыптастыру арқылы рухани құндылықтарды насихаттау көзделеді.
Баршаңызды игі іске атсалысып, балаларға кітап сыйлауға шақырамыз! Бір кітап – бір үміт, бір кітап – бір болашақ!


