10
декабрь
2025
“Шын жүректен кітап сыйла”
"С.Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектеп"КММ
Құрметті оқырмандар!
Бүгін біздің кітапханаға бір-бірінен құнды, жүрек жылуын сыйлағандай әдемі кітаптар тарту етілді. Әр сыйланған кітап — бір баланың жүрегіне жол табатын жарық сәуле, білімге бастар ізгі қадам.
Осындай игі бастамаға қолдау білдіріп, кітап қорымыздың толығуына үлес қосқан барша жанға шын жүректен алғыс айтамыз!
Кітап – адамның рухани кемелденуіне, ой-өрісінің кеңеюіне жол ашатын қазына. Сіз сыйлаған әр кітап жаңа оқырманның сенімді досына айналары сөзсіз.
Оқырмандар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапхананың қорын толықтыру және ұрпаққа пайдалы мұра қалдыру.
Ізгі ниетпен кітап сыйлаған әрбір жанға тағы да алғыс білдіреміз!
Сіз берген кітап – бір жүрекке жол тапқан ең бағалы сый.Мектеп мұғалымдері:Еркебаева С,Абдиева Ғ,Шазинова Д,Ерманова А ,Тілеумбетова Т апайларымыз кітап сыйлады үлкен алғысымды білдіремін. Құрметпенен кітапхана меңгерушісі:Абилдаева Ж

