05
декабрь
2025
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты "С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім бертін мектеп"КММ
Құрметті ұстаздар қауымы!
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясына үн қосып, асыл қазына – кітапты кітапханамызға тарту еткендеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздер сыйлаған әрбір кітап – оқушылардың білімін тереңдетіп, рухани дүниесін байыта түсетін баға жетпес сый.
Білім жолында шәкірт тәрбиелеп қана қоймай, олардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға үлес қосып отырғандарыңыз – нағыз ұстаздықтың белгісі.
Кітап – мәңгілік мұра. Ал сіздердің игі істеріңіз – болашаққа бағытталған жарқын қадам.
Кітапханамыздың қорын толықтырып, оқырманға қуаныш сыйлағандарыңыз үшін зор алғыс білдіреміз!
Ізгі ниетпен,
Кітапханашы меңгерушісі:Абилдаева Ж
