30
декабрь
2025
"Кітап – алтын қазына"
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты "С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп"КММ
"Кітап – алтын қазына"
Каникул – демалып қана қоймай, танымымызды кеңейтетін, ой-өрісімізді арттыратын керемет уақыт. Осы орайда мектебімізде "Кітап – алтын қазына" атты демалыс кезеңіндегі кітап оқу бастамасын қолдап, оқушыларды кітаппен дос болуға шақырамыз.
Кітап – санаға сәуле құйып, адамды тәрбиелейтін баға жетпес қазына. Кітап оқыған бала – білімді, ойы терең, қиялы кең болады. Каникул күндерін тиімді өткізіп, әркім өз сүйікті кітабын оқып, әсерімен бөліссе нұр үстіне нұр болмақ.
Кітап әлемінен алыстамайық, бірге оқып, рухани байлықты арттыра түсейік!
Мақсаты:
Оқушыларды кітап оқуға ынталандыру
Каникул уақытын пайдалы әрі мазмұнды өткізу
Оқырман мәдениетін қалыптастыру
Рухани білімді арттырып, әдебиетті сүйіспеншілікпен қабылдау

