15
октябрь
2025
«Жақсылыққа жол ашайық: буллингке жол жоқ!»
Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты
"С. Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
мектеп психологтары:Б.Кубейова және Н.Сапаралының ұйырдастыруымен
15.10.2025ж күні 6-сынып оқушылары арасында «Жақсылыққа жол ашайық: буллингке жол жоқ!» атты тренинг өткізілді.
Тренингтің мақсаты — оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, бір-біріне құрметпен қарау, буллинг пен кибербулингтің алдын алу.
Оқушылар түрлі ойындар мен жаттығулар арқылы өзара түсіністік, сыйластық және қолдау көрсету құндылықтарын үйренді.
Шара соңында балалар «Мейірім қабырғасына» жақсы тілектерін жазып, бір-біріне жылы сөздер арнады. 


