01
декабрь
2025
Бақытты отбасы балалар көзімен
Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты
С. Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
психологтар Сапаралы Н КубейоваБ ұйымдастыруымен "Бақытты отбасы балалар көзімен тақырыбында тренинг ұйымдастырды
Әр баланың жүрегінде өзіне ғана тән әлем бар. Сол әлемнің ең нұрлы, ең жылы мекені – отбасы. Балалар үшін бақытты отбасы дегеніміз – бірге күлетін, бірге ойнайтын, бір-бірін қолдайтын жандардың шаңырақ астында тоғысуы.
Бала көзімен бақыт – таңертеңгі ана жылулығы, әке қамқорлығы, бауырмен ойнаған шуақты сәттер. Үйдегі әрбір жылы сөз, мейірімді көзқарас олардың сенімін арттырып, жүрегіне қуат береді.
Біз балаларға тек материалдық жағдай ғана емес, махаббат, түсіністік және тыныштық сыйлай білсек – міне, сол нағыз бақытты отбасы.
Әр шаңырақта шаттық, әр жүректе мейірім орнасын!
Балалардың күлкісі – отбасымыздың бақыты!


