13
апрель
2026
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бірлескен жоспары аясында «Қауіпсіз мектеп» жобасы
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты “С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бірлескен жоспары аясында «Қауіпсіз мектеп» жобасы шеңберінде оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндіру жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында Қазақстан Республикасының «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңы талаптары түсіндіріліп, заңсыз ұтыс ойындарының салдары туралы айтылды. Сонымен қатар лудоманияның (құмар ойындарға тәуелділік) зияны, интернеттегі алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Оқушыларға күмәнді ұтыс ойындарына сенбеу, әлеуметтік желілерде таралатын жалған ақпараттар мен алаяқтық әрекеттерге алданбау, «қатысу» үшін ақша аудармау керектігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың міндеті.
Күмәнді ұтыс ойындарына сенбеңіз және интернеттегі алаяқтықтан сақ болыңыз!


