11
март
2026
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бірлескен жоспары аясында «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты “С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бірлескен жоспары аясында «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы шеңберінде мектеп директоры: Айнамкулов Т,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркебаева С, тәлімгер Балыкбаева Н, педагог-психолог Кубейова Б,және мектеп инспекторы Д.Талипбеков тарапынан оқушылардың ата-аналар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс барысында мектеп инспекторы Д.Талипбеков «Тәртіп пен заң – қауіпсіз қоғам кепілі» тақырыбында баяндама жасап,ата-аналарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және құқықтық жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, «Лудомания: жасөспірімдер үшін жасырын қауіп» тақырыбында құмар ойындардың зияны, оның жасөспірімдердің психологиясы мен болашағына тигізетін кері әсері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


