22
январь
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы
Түркістан облысы,Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты «Сәбит Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін» мемлекеттік мекемесінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында тәлімгер Балыкбаева Нургул апайдың ұйымдастыруымен 20.01.2026 жылы 5-8 сынып аралығындағы оқушыларға «Діни экстремизм мен терроризм ге қарсы күрес» атты жиналыс өткізілді.
Мақсаты,мектеп оқушылары үшін ең маңыздысы – дұрыс ақпаратты ажырата білу. Күмәнді сайттар мен белгісіз адамдар таратқан ақпараттарға сенбеу, заңға қайшы әрекеттерден аулақ болу қажет. Нағыз дін адамды жақсылыққа, мейірімділікке және бейбітшілікке үндейді.
Экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін білім алу, үлкендерді тыңдау, өз пікіріңді ашық әрі дұрыс жеткізе білу маңызды. Отанымызды қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

