15
декабрь
2025
«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұрағы»🇰🇿Тәуелсіздік әр елдің ең қастерлі ең қасиетті ұғымы.
Түркістан облысы Мақтарал ауданы білім бөліміне қарасты «С.Мұқанов атындағы №40 ЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұрағы» атты 2025 жылы 12 желтоқсан күні 16 желтоқсан ҚР тәуелсіздік күні мерекесіне орай,шағын іс-шара ұйымдастырылып,тәлімгер: Н.Балықбаева және ұйымдастырушы-педагог:Бабақұл Ұлпан ұйымдастыруымен өткізілді.
Мақсаты: Тәуелсіздік күні-еліміздің еркіндігі мен бірлігін дәріптеу,жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру.
Іс-шара барысында оқушылар өз елінің бейбіт аспанын,рухын,тәуелсіздіктің символдарын түрлі әуендер мен әдеби шығармаларымен жеткізді.


