19
декабрь
2025
*"Тәуелсіздік – тұғырым"*
“N40 С.Мұқанов ЖББМ”ТӘУЕЛСІЗДІК — БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ
15 желтоқсан күні 9 "Ә" сынып жетекшісі Бейсенбаева Ф апай .Сыныбымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған *"Тәуелсіздік – тұғырым"* атты ашық тәрбие сағатын өткіздік.
⠀
Сабақ барысында оқушылар Тәуелсіз еліміздің өткені мен бүгініне шолу жасап, тарихи деректермен бөлісті. Отан, елдік, бірлік, болашақ тақырыптарында ой толғап, патриоттық рухтағы өлеңдер оқып, өз ой-пікірлерін еркін жеткізе білді.
⠀
Мақсатымыз — жас ұрпаққа еліміздің Тәуелсіздік жолындағы күресін түсіндіру, оны қадірлеуге, бағалауға баулу. Егемен еліміздің ертеңі — бүгінгі жастар. Олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімі қалыптасса — тәрбие сағаты өз нәтижесін берді .
⠀
*Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман болсын!*

