10
ноябрь
2025
" Өрттен сақтанайық " тақырыбында тәрбие сабағы
"С. Мұқанов атындағы №40 ЖББМ" КММ- де 07.11.2025 күні 2 сыныптар
" Өрттен сақтанайық " тақырыбында тәрбие сабағын өттім. Сынып жетекшілер: Исаханова Құлпынай,Турлыбекова Айсұлу. Сабақтың мақсаты : оқушыларға өрттен сақтану, өрт болдырмау жөнінде түсініктер беру. Ойын арқылы өрттен сақтану туралы дағды қалыптастыру. Жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелеу.
Көргекіліктер: Суреттер, өрт сөндіру құралдар.
Біздің бугінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы " Өрттен сақтанайық " деп аталады.От деген өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От-өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды.
Оттың пайдасымен қатар зиянды жағыда бар. Егер отты тым асыра дұрыс пайдалана алмасақ, біз үшін орны толмас зор қайғы-қасірет әкелетіні хақ.
Сондықтанда осы отырған әрқайсысымыз отты пайдаланғанда аса сақ болуымыз керек. Тұрмыста отты үнемделікпен, жауапкершілікпен, ережелерді сақтай отырып пайдалану керек.
Балалардың отпен ойнауы- өрт шығуы кең таралған себептерінің бірі болып табылады. Үйде жалғыз қалған балалар көбіне сірінкемен ойнап, оның арты қайғылы жағдайға әкеледі. "Өрттен сақтанайық" деп бекерге айтпаған.

