24
октябрь
2025
Оқушыларға сынып жетекшілер өрт болған жағдайда қандай жұмыстар жүргізу керектігі түсіндірілді.
Оқушыларға сынып жетекшілер өрт болған жағдайда қандай жұмыстар жүргізу керектігі түсіндірілді.
1. Өрттің алдын алу ережелері:
• Отты, әсіресе, шырпымен ойнамау.
• Электр құралдарын (үтік, теледидар және т.б.) қараусыз қалдырмау, оларды ажыратуды үйрену.
• Тез жанатын заттарды отқа жақындатпау.
• Тұрғын үйлерде, әсіресе, балкондарда немесе далада құрғақ шөпті жағуға болмайтыны туралы.
2. Өрт кезіндегі әрекеттер:
• Дабыл қағу: Қорықпай, үлкен дауыстап ересектерді немесе өрт сөндіру қызметін (101 нөмірі) шақыру.
• Қауіпсіз шығу: Егер үй қатты түтінге толса, еңкейіп немесе еңбектеп, есіктер мен терезелерді жауып (оттың таралуын болдырмау үшін), тыныс алуды қиындатпау үшін ауыз бен мұрынды ылғалды матамен жабу.
• Терезеден секірмеу: Өрт сөндірушілер келгенше терезеден секірмеу керектігін ескерту.

