14
май
2026
«Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында «Жас қорғаушылар кубогі» атты шахмат турнирі өткізілді.
13.05.2026 жылы мектебімізде 8–9–10 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында «Жас қорғаушылар кубогі» атты шахмат турнирі өткізілді.
Турнирдің мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, зейінін арттыру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарыс барысында қатысушылар белсенділік танытып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Оқушылар шахмат ойыны арқылы шапшаң ойлау, сабырлылық пен дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамытты.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

