13
апрель
2026
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бірлескен жоспары аясында "Таза Қазақстан" акциясы
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты “С.Мұқанов атындағы №40жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бірлескен жоспары аясында "Таза Қазақстан" акциясы аясында ДТІЖО:Мырзалиев.Қ, Еркебева С.орынбасарлардың ұйымдастыруымен,мектеп қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мектеп ауласы тазартылып, айналадағы қоқыстар жиналып, аумақ ретке келтірілді. Сенбілікке қатысқан мектеп қызметкерлері тазалық – ортақ жауапкершілік екенін көрсете отырып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Осындай игі шаралар арқылы ұжым мүшелері туған жердің тазалығы мен көркеюіне атсалысып келеді.
Таза орта – денсаулық пен жақсы көңіл күйдің кепілі.
Баршаңызды табиғатты аялауға және тазалықты сақтауға шақырамыз!



