04
март
2026
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!
Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты «С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2026 жылғы 3 наурыз күні мектебімізде некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне байланысты құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда нөлдік төзімділік қалыптастыру мақсатында 10–11 сынып оқушыларына арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық білімін жетілдіру, олардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық тетіктермен таныстыру және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне бейжай қарамау мәдениетін қалыптастыру болды.
Кездесу барысында төмендегі мәселелер кеңінен қарастырылды:
Некеге мәжбүрлеудің заңсыздығы және оның құқықтық жауапкершілігі;
Сталкинг (қудалау, аңду, қорқыту) ұғымы және оның қауіптілігі;
Психологиялық, физикалық және экономикалық қысым көрсету түрлері;
Құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары;
Қиын жағдайға тап болған кезде жүгінуге болатын мекемелер мен сенім телефондары.
Оқушылармен интерактивті форматта пікір алмасу ұйымдастырылып, нақты өмірлік жағдаяттар мысал ретінде талқыланды. Қатысушылар өз ойларын ашық білдіріп, құқықтық сұрақтарына жауап алды.
Кездесу барысында әр адамның жеке бас бостандығы мен ар-намысы заңмен қорғалатыны, ешкімнің мәжбүрлеуге, қысым көрсетуге немесе қорқытуға құқығы жоқ екендігі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, зорлық-зомбылық фактілерін жасырып қалмай, дер кезінде сенімді ересектерге, мектеп әкімшілігіне немесе құқық қорғау органдарына хабарлау қажеттігі түсіндірілді.
Іс-шара соңында оқушыларға құқықтық мәдениет – қауіпсіз қоғамның негізі екені айтылып, зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік ұстанымы әр азаматтың азаматтық жауапкершілігі екені түсіндірілді.
Мұндай ақпараттық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.