26
февраль
2026
Алғыс айту күніне орай сыныбымызда тәрбие сағаты өткізілді.
5 "A" сынып жетекшісі Данаева Жазира
1 наурыз – еліміздегі маңызды мерекелердің бірі – Алғыс айту күніне орай сыныбымызда тәрбие сағаты өткізілді. Бұл күн – бір-бірімізге ризашылық білдіріп, сыйластық пен татулықты дәріптейтін ерекше мереке.
Сынып сағаты барысында оқушылар мерекенің шығу тарихымен танысты. Алғыс айту күні 2016 жылдан бастап елімізде ресми түрде аталып өтуде. Бұл мереке Қазақстан халқының бір-біріне деген құрметі мен достығын нығайту мақсатында бекітілген.
Шара барысында оқушылар ата-анасына, ұстаздарына, достарына және Отанына деген алғыстарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін айтты. «Алғыс – ізгіліктің белгісі» тақырыбында пікір алмасу ұйымдастырылып, мақал-мәтелдер айтылды. Сонымен қатар, оқушылар алғыс хаттар жазып, шағын көріністер көрсетті.
Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларды кішіпейілділікке, адамгершілікке, үлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.


