24
октябрь
2025
«Мен смарт баламын»
«Мен смарт баламын» тақырыбында танымдық іс-шара
С. Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектепте 9-сынып оқушыларының қатысуымен «Мен смарт баламын» тақырыбында танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың заманауи технологияларды тиімді пайдалану, цифрлық сауаттылықты арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шараны Жолдасбекова Гүлнара ұйымдастырды.
Іс-шараға тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркебаева Сәуле мен математика бірлестігінің жетекшісі Шазинова Дильбар қатысып, оқушыларға жылы лебіздерін білдірді.
Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізді.


