МЕКТЕП БІТІРУ ІС- ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУ » С. Мұқанов №40 ЖОМ
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының
Мақтарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Мұқанов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » МЕКТЕП БІТІРУ ІС- ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУ
19
май
2025

МЕКТЕП БІТІРУ ІС- ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУ

МЕКТЕП БІТІРУ ІС- ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУ
    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 2 мамырдағы №3-05-4/2977 хатына, Түркістан облысының білім басқармасының 2025 жылғы 3 мамырдағы №25/2977 хатына, Жетісай ауданының білім бөлімінің 2025 жылғы 05 мамырдағы шығыс №1753 хатына сәйкес, мектеп бітіру іс- шараларын өткізу жоспарланды. 
1. 2025 жылғы 23 мамыр күні «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағатын өткізу; 
 📌Сынып сағатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына басымдық беру;
📌Білім алушылар арасында эссе байқауын өткізу;
📌 Білім алушыларға «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп», «Адал азамат» тақырыптық бағыттары бойынша эссе жазу;
📌 Үздік жұмыстар сынып сағатында оқылып, авторларын марапаттау;
📌 Сынып сағаттарының сценарийлерін педагогтер әр сыныптың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетінше әзірлеу;
📌 Сынып сағатында демалыста оқуға ұсынылатын кітаптар тізімін ұсыну;
📌Қарауға болатын фильмдер тізімін ұсыну;
📌Қауіпсіздік шаралары, алдын ала жоспарланып ұйымдастырылған демалыстың артықшылықтары, қосымша білім беру ұйымдарына қатысудың тиімділігі, еңбек етудің пайдасы, ата-анаға, ата- әжелеріне көмектесудің қажеттілігін айту;
2.  11 сынып түлектері үшін оқу жылының қорытынды салтанатты іс-шарасы 2025 жылдың 23 мамырда өткізіледі. 
📌 Директордың оқу  жұмысы жөніндегі орынбасарлары үздік оқушыларды, қоғамдық жұмыс белсенділерін марапаттауды ұйымдастырады;
📌Салтанатты іс-шараның басталу уақыты 07.30;
📌Ұзақтығы 45 минуттан аспауы тиіс;
📌Іс-шара мектеп ауласында өткізіледі;
📌 Іс-шараға қатысушылар мектеп формасында болуы тиіс.
3. Оқу жылының қорытынды салтанатты іс-шарасы кезінде қауіпсіздік шаралары  бақылауда болады.     
📌 Санитарлық режимді, жеке бас гигиенасын сақтау шарттарын қатаң қамтамасыз ету;
📌 Жергілікті полиция қызметкерлерін тарта отырып, мектептің аумағында кезекшілікті қамтамасыз ету;
📌 Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтау және эвакуациялау;
📌Құқық қорғау органдарының, төтенше жағдай және денсаулық сақтау қызметкерлерін қоғамдық тәртіпті сақтауға тарту;
4.Сынып сағаттарын, соңғы қоңырау, аттестат тапсыру шараларын өткізу барысында педагогикалық этика мен сыбайластық жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 
📌Әкімшілік пен педагогтерге сыйлықтар беруге, ақшалай қаражат жинауға жол бермеу;
📌 Аниматорлар, агенттіктер мен жеке студияларды тартуға, көлік жалдап, шерулер ұйымдастыруға, 4-сынып оқушылары үшін салтанатты шаралар өткізуге жол бермеу;
📌Мектеп бітіру іс-шараларды тек қана мектеп аумағында өткізу;
📌Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен сәнді киім-кешекке жұмсалатын шығындардың орынсыздығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
📌 Мерекелік дастархандарды ұйымдастыруға тыйым салынады;
📌 Жалға берілетін автокөліктерді пайдалана отырып, елді мекенде, елді мекен сыртында экскурсиялар өткізуге жол бермеу;
📌Мейрамхана, кафе, басқа да ойын-сауық орындарында мектеп бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға тыйым салынады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив