25
апрель
2025
С.Мұқановтың туғанына 125 жыл!
Бүгін қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, жазушы, ғалым, әдебиет зерттеушісі С.Мұқановтың туғанына 125 жыл!
Ол халқымыздың рухани мұрасын байытқан, әдебиетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қайраткер. Оның "Ботагөз", "Сырдария", "Өмір мектебі", сияқты шығармалары қазақ прозасының алтын қорына енген туындылар.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты "С.Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде С.Мұқановтың туғанына 125 жылдығына орай әдеби кеш ұйымдастырылды.
Іс-шараға мектебіміздің 4а, 4б, 7а, 7б сыныптары қатысты. Данаева Жазира апайымыз шығармашылығымен таныстырды.
Іс-шараның мақсаты: Жазушының рухани мұрасын дәріптеу. Жастарды әдебиетке қызыктыру. Тұлғаның өнегелі өмірін үлгі ету.
Ұйымдастырушы: Кітапханашы Абилдаева Ж. ҚББП Бедилова Д.

