21
февраль
2025
'Алғашқы ұстаз "
«С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп» комуналдық мемлекеттік мекемесінде Ш.Айтматов 'Алғашқы ұстаз " повесіндегі дәуір шындығы атты ашық сабақ болып өтті. Мақсаты шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау.
"Бүгінгі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен ашық сабақ өте әсерлі және мазмұнды болды. Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесі оқушыларға терең ой салып, олардың әдеби шығарманы талдау дағдыларын дамытуға көмектесті. Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізді. Мұғалімнің тиімді әдіс-тәсілдері мен қызықты сұрақтары сабақты жандандыра түсті. Жалпы, ашық сабақ жоғары деңгейде өтті, әрі оқушылар үшін пайдалы әрі қызықты болды".
Сабақ барысы тартымды, өте әсерлі және талапқа сай өз дәрежесінде заман талабына сай жасанды интеллектті пайдаланып шебер өтті
ұйымдастырған: қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Орынқұлова Б.


