27
январь
2025
"Екі жұлдыз"
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп."коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мектеп ұжымы музыка апталығында "Абай"ауылдық мәдениет үйінің ұжымымен /басшысы Б.Жанту/бірлесе отырып,ұстаздар арасында"Екі жұлдыз"ән байқауы ұйымдастырылды.Ән байқауына жеті жұп қатыстырылды.Атап айтар болсақ,
1.Дүйсенбаева Г.Абилдаева Ж.2.Турекулова Ахназарова Э.3.Бедилова Д.Маханбетова Ж.4.Бейсенбаева Ф.Сейлова М.5.Момынова А.Тағаева Ф.6.Керімбекова Б.Тілеумбетова.7Қауасова Ж.Әжіхан Г.
Байқауға төрешілік жасау үшін "Кеңесшіл" мәдениет үйінің басшысы Тұрсынбаева Айжамал және Ақмырзаева Бағила апайлар арнайы шақырылды.Сайысты мектабіміздің директоры Б.Абраймов ашып беріп,әр орындаушыларға сәттілік тілеп,сайысты өткізуге жағдай жасап беріп отырған,"Абай"мәдениет үйінің басшысы Б.Жанту мырзаға және барлық қызметкерлеріне өз атынан ризашылығын білдірді.Өз кезегінде Б.Жанту мырза сөз сөйлеп,ауыл мәдениетін көтеруге бірлесіп ,жұмыс жасауға шақырды.
Әр жұп екі әннен орындады.Бірінші ән қазақша болса,екінші ән таңдау бойынша орындалды.Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені музыка пәнінің мұғалімі Дүйсенбаева Гүлнәр және мектебіміздің кітапханашысы Абилдаева Жұлдыз апайларымыз жеңіп алды.Бірінші орын екі жұпқа Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бейсенбаева Фарида,Информатика пәнінің мұғалімі Сейлова Мадинаға және биология пәнінің мұғалімі Маханбетова Жадыра және орыс тілі пәнінің мұғалімі Бедилова Динара апайларымызға берілді,екінші орын бастауыш сынып ұстаздары Турекулова Лаура,Ахназарова Элмираға берілді.
Байқауға қатысқан барлық ұстаздарға арнайы дипломдар және демеушілердің көмегімен дайындалған сыйлықтар табысталды.Байқау соңында барлық қатысушылар "Екі жұлдыз"әнін орындап,байқауды қорытындады.




