1 НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ күні
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы "С.Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектеп " коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ күніне 7 сынып іс-шара өткізді. Бұл күн- мейірім мен ризашылықтың, татулық пен бірліктің мерекесі. Қиын қыстау заманда бір-біріне пана болған халқымыздың кең пейілі мен дархан көңілі-мәңгілік өнеге. Бүгін біз ата-анамызға, ұстаздарымызға және,достарымызға және жанымызда жүрген барша жандарға алғыс айтамыз. Әр шаңырақта амандық, береке және бақыт тілеймін!