«Бәріміз әртүрліміз- бәріміз теңбіз» атты Арнайы педагог, логопед,
«С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жыл 23-27 ақпан аралығында «Бәріміз әртүрліміз- бәріміз теңбіз» атты Арнайы педагог, логопед, педагог -ассистент апталығы болып өтті. Осыған орай 2 сынып оқушылары арасында «Ойлан тап, бірге жең!» атты сайыс сабағы болып өтті. Оқушылар топқа бөлініп, сабақ соңында жүлделі орындармен марапатталды. 25 ақпан күні «Ерекше бала-ерекше әлем» атты мұғалімдер арасында тренинг болып өтті.