06
октябрь
2025
"Қыздар сұлу көрінер қылығымен"
Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты "С. Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп, коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі Қыздар кеңесінде "Қыздар сұлу көрінер қылығымен" атты тақырыбында қыздар кеңесінің төрайымы Бедилова Д және хатшысы Айхынова А жиналыс өткізді.
ДТІЖО Еркебаева С және тәлімгер Балықбаев Н, сынып жетекшілер қыздарымызға өз кеңестерін берді. Кеңес төрайымы Бедилова Д баяндама оқыды. ДТІЖО Еркебаева С апайымыз, жалпы бала тәрбиесіне, оның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю » деген мақалаға қаншама ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отырған, деп өз ақыл -кеңыстерімен бөлісті.
Мақсаты: "Қыз баланы тәрбиелей отырып , ұлтты тәрбиелейміз" қағидасымен қазақ қоғамында мәртебесін нығайту.

