01
сентябрь
2025
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты 《С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектепте》 1-11 сыныптарда ата- аналар жиналысы өткізілді. Сынып жетекшілер ата- аналарды мектептің ішкі тәртібімен таныстырып өтті.
Оқушылардың мектеп формасы мен қауіпсіздік ережелері де ата - аналарға түсіндіріліп кетті.
Оқушылардың тәртібіне күнделікті назар аударуын айтып өтті.
Сонымен бірге жиналыс барысында сынып жетекшілер ата- аналарға “Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі” атты тренинг өткізді.
Мақсаты - баланың дамуына, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып қарым-қатынас орнату. Тренинг барысында ата-аналар өз ойларын айтып, ойынға қатысып, әртүрлі сұрақтарға жауап берді.


